Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады. Сапар барысында Б.Сансызбайұлы аудандағы жолдың жағдайымен танысып, жаңа мектептің құрылысын көрді.
Облыс әкімінің орынбасары алдымен Әйтеке би кентінде салынып жатқан 250 орындық мектеп құрылысын аралап көрді. Осынау білім ордасының құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС құрылысшылары жүргізуде. Облыс әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтіп, мектепті уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Келесі кезекте Балмейір Сансызбайұлы Әйтеке би кентіндегі Әл-Фараби көшесін асфальттау жұмысымен танысты. Жоба құны – 16,2 млн теңге болатын көшенің жұмысын мердігер мекеме «Қазалы Жолшы» ЖШС атқарып жатыр.
Айта кетерлігі, Қазалы қаласы мен аудан орталығы Әйтеке би кенті аралығында тағы бір қарқынды құрылыс бастау алмақшы. Ол – халықтық әлеуметтік осал топтарына тұрғынжай сатып алу мақсатында тұрғын үйлер салынуы. Құрылыстың жоспарымен танысып, сәттілік тілеген облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы тұрғын үйлердің алғашқы қазығын қақты.
Ағымдағы жылы Қазалы қаласындағы 15 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Солардың ішінде бүгінгі таңда төрт көшеде құрылыс жұмыстары қарқын алуда. Балмейір Сансызбайұлы жолдың сапалы болуына және уақытылы аяқталуына баса назар аудару қажет екенін айтты.
Мұнан соң «Қарлаң» көпірі құрылысының басына барып, мердігермен жүздесті. Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығындағы төрт жолақты жолды жөндеп,«Қарлаң» көпірі құрылысын жүргізіп жатқан да осы мердігер мекеме екенін атап кету ләзім. Мердігер мекеме басшысының айтуынша, екі аралықтағы жол биылғы жылдыңшілде айының соңына дейін толық аяқталады.
Аудан бойынша биылғы жылы жүргізіліп жатқан жол құрылыстары қатарында«Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аралығының орташа жөндеуіде бар. Балмейір Сансызбайұлы қызу шаруаның басына барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.
Облыс әкімі орынбасарының Қазалы ауданына жасағаніс-сапары барысында Қазалыауданы әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Пахуадин Шамұратов, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш басқа да бөлім басшылары бірге жүрді.
