“AMANAT” партиясы алаңында облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келушілер  баспана алу, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығы тақырыптары бойынша мәселелерін ортаға салды.

Облыс әкімінің орынбасары азаматтарды тұрғын үймен қамту күн тәртібінен түспейтін мәселе екендігін алға тартып, келуші азаматтарға  өңірде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат берді. Тұрғын үй-коммуналдық тақырып бойынша сала бойынша жауапты басшыларға тапсырмалар беріліп, түбегейлі шешілгенше жеке бақылауына алатынын жеткізді. Егін шаруашылығын суару бойынша шешу жолдары талқыланып, суды үнемдеу маңыздылығы жайлы түсіндірме жүргізілді.

Атап өтейік, қабылдауға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, сонымен қатар жауапты сала өкілдері қатысты.

FB_IMG_1766887595982.jpg

Тағы да оқыңыз: