**Kyzylorda-news.kz. Қызылорда *облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет* облыстағы этномәдени бірлестіктері жетекшілерімен кездесіп, облыстық ҚХА құрылымдары, жалпы Достық үйінің жұмысымен танысты.**
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова өңірлік ассамблеяның 25 жылда жеткен жетістіктерінен сыр шертті.

Медиация кабинетінде әлеуметтік, құқықтық шиеленістерінің алдын алу, медиацияны дамытуға қатысты және Қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының негізгі бағыттары мен мазмұнды жұмыстары таныстырылды.

“Елімізде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік моделі сәтті жұмыс істеп жатыр. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты бірегей институт ерекше орын алады. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің есебінде ауқымы кең, маңызы зор жұмыстар бар олардың алдағы кезеңде түбегейлі өзгерістер мен жаңа міндеттер қойылып отыр”, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Сонымен бірге Серік Ахмет Достық үйінің мұражайын, кітапхана, тілдерді оқыту кабинетін, мәжіліс, концерт залдарын, би үйірмелер орталығының жұмысын зерделеді.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет қазіргідей жылдам жаңғыру мен жаңару заманында этностардың болмысы мен олардың бейбітшілік берекесі қайнаған бір шаңырақ астында бірігуі және Достық үйінің этносаралық келісімді нығайтуда, тіл, дәстүр, мәдениет жаңғыртуда орны ерек екендігін атап өтіп, бірқатар ұсыныстарын айтты.
