Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауда өңір тұрғындары әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және еңбек даулары, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға әлеуметтік нысандардың қол жетімділігі және өзге тақырыптар бойынша өтініштері мен ұсыныс-тілектерін ортаға салды.
Данияр Жаналинов әрбір азаматтың өтініші бойынша құзырлы мекемелердің басшыларын қабылдауға қатыстырып, бірлесіп шешу мүмкіндіктерін қарастырды. Көтерілген мәселелелер бойынша тиісті мекмелердің басшыларына тапсырма беріп, нәтижелерінің тікелей өз бақылауында болатындығын атап өтті. Еңбек даулары бойынша тиісті зерттеулер жүргізіліп, заң үстемдігін орнату бойынша қажетті барлық шара қолданылатынын жеткізді.
Сонымен қатар облыс әкімінің бірінші орынбасары қабылдауға келген азаматтарға өңірде жүзеге асырылуы жоспарланған маңызды жобаларды атап, жаңа жұмыс орындары ашылатынын, өңір халқының әл-ауқатын арттырып, өмір сүру сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша кеңінен ақпарат берді.