Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов "AMANAT" партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады.
Қабылдауға келген облыс тұрғындары білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары азаматтар өтініштері бойынша нақты кеңестер беріп, оларды шешу бойынша тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Қабылдау барысында азаматтарға онлайн да өтінішін білдіруге мүмкіндік жасалды.
