Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы алаңында Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов кестеге сай қоғамдық қабылдау өткізіп, аймақ тұрғындарының арыз-өтініштерін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтар денсаулық, жұмысқа орналасу, тұрғын үй, жоғары оқу орнына түсуге бағытталған облыс әкімінің гранты, сонымен қатар банк жүйесіндегі мәселелер бойынша өтініштерін білдірді.

Мәселен, қала тұрғыны өзінің мүгедектігі бар қызы биыл орта мектепті аяқтайтынын айтып, жоғары оқу орнына түсу үшін облыс әкімінің грантының бөлінуіне көмек беруді сұрады. Өтініш иесіне облыс әкімі грантының заңдылықтары кеңінен түсіндіріліп, медициналық колледжге түсуіне қолдау көрсетілетін болды. Денсаулығына қатысты мәселе көтерген тұрғынға дәрі-дәрмекпен қолдау көрсету жолдары қарастырылатын болды.

Данияр Жаналинов баспанаға қатысты көтерілген сауалға тұрғын үй заң аясында кезектілікпен берілетіндігін түсіндірді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары жалпы қабылдау барысында көтерілген әрбір мәселе зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Тағы да оқыңыз: