Kyzylorda-news.kz. Сыр елінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын, тарих қатпарындағы қасіретті кезеңді еске алуға арналған арнайы іс-шара Қызылорда қаласы «Арай» шағын ауданындағы қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арнап орнатылған ескерткіш басында өтті. 

Елімізде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Сыр жұртшылығы атынан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев зиялы қауым өкілдерімен бірге нәубетке ұшыраған боздақтар рухына тағзым етті. 

Айта кету керек, Президенттің Жарлығымен 2020 жылдың қараша айында ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияның жұмысына қолдау көрсету мақсатында 2021 жылы ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды.

ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар Орталыққа ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратураның арнаулы мұрағаттарынан беріледі. Орталық таяу уақытта барлығы 715 мыңға жуық істі қабылдап алады деп жоспарланып отыр. Мұнда құжаттарды құпиясыздандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Оларды зерттеу және ғылыми айналымға енгізу үшін тиісті жағдай жасалған.

Іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған зиялы қауым өкілдері, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық жұмысшы топ өкілдері және тарихшы-ғалымдар, қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Мұнан кейін аймақ басшысы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандардың рухына құран бағыштады. 
Әрине, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ұрпағы ұмытпақ емес. Жыл сайын жерлестеріміз дәл осы күні арнайы ескерткіш алдына жиылады.

350791264_206087365164221_1542875396111198167_n.jpg

Тағы да оқыңыз: