Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Саутс Ойл» ЖШС президенті Серікжан Сейітжановпен кездесіп, өңірдегі мұнай-газ саласын дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуде компанияның Қызылорда облысында жүзеге асыратын жобалары,  алдағы жоспарлары мен міндеттері, жұмысшылардың еңбек жағдайы туралы айтылды. "Саутс Ойл" компаниясы Қызылорда қаласында музыкалық колледж құрылысын салуды жоспарлауда. Таяуда  меморандумға қол қою рәсімі өткізілмек.

Тағы да оқыңыз: