Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева және «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Анар Ізденмен кездесті.

Кездесу барысында өңірдегі ҮЕҰ-дың атқаратын қызметі сөз болды.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында 996 ҮЕҰ тіркелген. Оның ішінде 443 бірлестік, 294 қор, 259 филиал мен өкілдік бар. Үкіметтік емес ұйымдардың 454-і өңірдің рухани-мәдени, қоғамдық өміріне белсенді араласып, өз үлестерін қосып келеді.

Облыс бойынша ҮЕҰ 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 1 млрд. 223 млн. 382 мың теңге бөлініп, 165 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2020 жылдың І жартыжылдығында 1 млрд. 296 млн. теңге қаралып, 154 әлеуметтік жоба іс асырылуда.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобалар негізінен ұлтаралық қатынастарды реттеу және ұлттық саясатты жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу, жастар және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру жұмыстарына, азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Атап айтсақ, білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласында – 18 , қоршаған ортаны қорғауда – 1 , жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауда – 34 , отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат бағытында – 12, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қорғауда – 25, жетім балаларға, толық емес және көп балалалы отбасылардағы балаларға көмек көрсетуде – 1 , халықты жұмыспен қамту бағытында – 1 жоба және т.б. ҮЕҰ тарапынан ұйымдастырылып, 462 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Сонымен қатар, бірқатар әлеуметтік жобалар қазіргі қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қысқартылып, облыс экономикасын қалпына келтіруге бағытталуда.

Кездесу соңында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мемлекттік органдармен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланысты әрі қарай да тиімді ұйымдастыру қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, Бану Нұрғазиеваның алғашқы жұмыс сапары Сыр елінен басталды. Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті жергілікті, оның ішінде арнайы Қармақшы ауданындағы ҮЕҰ-дың жұмысымен танысады деп жоспарлануда.

Тағы да оқыңыз: