Kyzylorda-news.kz   Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы Ә.Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейдегі №63 учаскеге барып өз таңдауын жасады.

Облыс бойынша 380 референдум учаскесі бар. Оның 126-сы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан.

Учаскелер таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді, 6 учаске таңғы сағат 6-да жұмысын бастады. Ол үшін арнайы қаулы бекітілген. Уақытша болу орнындағы 27 учаскеде дауыс беру ерте аяқталуы мүмкін. Олар – әскери бөлімдер, емдеу-профилактикалық мекемелері, тергеу изоляторлары және тағы да басқа мекемелер.

Барлық учаскелер талапқа сай жабдықталды. Мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы құрылғылар қойылған.
Оларға 45 инватакси қызмет көрсетеді. Инватаксидің 16-сы Қызылорда қаласында, 29-ы аудандарда.

Қажеттілікке қарай учаскелерде 48 ымдау тілінің маманы қызмет атқарады. Сондай-ақ, 72 учаскеде 105 азаматқа Брайль қарпімен жазылған трафереттер қолжетімді.

Референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.

Тұрғындарға референдум күні мен орны көрсетілген шақыру қағаздары, смс хабарламалар таратылды.

Аймақта азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Барлығында егов арнайы сервистері қамтылған.

Азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске (№198 РУ – №5 мектеп-лицей №250 РУ – №261 орта мектеп, №189 РУ – №136 мектеп-лицей, №264 РУ – №264 мектеп-лицей, №347 РУ – №271 орта мектеп) бар.

Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы 4 сервисті іске қосты.

Фото: Облыс әкімдігі

Тағы да оқыңыз: