Kyzylorda-news.kz. Арал ауданына жұмыс барысында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржановтың «Суреттер сыр шертеді» тарихи мұражайының жұмысымен танысты.
Аталған музей 2018 жылы жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда мұнда 500-ге жуық фотосурет пен тарихи жәдігер сақталуда. Мұражай қорында балықшылардың тарихи фотосуреттері көптеп кездеседі. Сонымен қатар республика, облыс және ауданға танымал қоғам қайраткерлерінің фото жинағыда сақталған. Сондай-ақ бұрынғы балық шаруашылығы министрі Құдайберген Саржановтың жеке заттары мен құжаттары музей төріінен орыналған. Сонымен бірге, мұражайда Арал теңізінің тарихына арналған экспонаттар сақтаулы тұр.
Құдайберген Саржанұлы - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Балық шаруашылығы министрі, Қызылорда облысының және Арал ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болған. Ол балықшылар ауылында әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер салуға мұрындық болып, Арал, Балқаш проблемалары жөніндегі халықаралық қоғамдық комитетінің мүшесі ретінде өңірдегі экологиялық проблема салдарынан азаматтардың қорғалуын қамтамасыз ететін заң шығаруға үлкен үлес қосты. Арал теңізінің экологиялық мәселесін шешуіне зор үлес қосқан ардақты азамат биыл 85 жас мерейтойын атап өтуде.

