Kyzylorda-news.kz. Еңбекші елді мекеніндегі халықпен кездесуден кейін аудан басшысы көршілес Жиделіарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Биылғы жылы аталған елді мекенге де газ жүйесі кіреді деп күтілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың басым бөлігі аяқталған.
Ал, кездесуде көтерілген мәселелерге келер болсақ, тұрғындар 2010 жылдары салынған ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның көлемінің шағын екендігін айтып, қосымша ғимарат салу мәселесін көтерді. Аталған мәселеге қатысты аудан әкімі шынында ғимараттың тым шағын екендігін, дегенмен жаңа болуына байланысты ғимаратты қайта салуға қатысты бірқатар мәселелер туындап жатқандығын айтты.