Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов «Әшірбеков» шаруа қожалығының еңбеккерлерімен кездесіп, шаруашылықтың егін жинау науқанына дайындық жұмысымен танысты.
Аудан басшысы еңбеккерлермен сөйлесіп, науқан алдындағы көңіл-күйін білді. Егін жинау науқаны басталғанда жиын-терімді ысырапсыз жинап алуға тілектестік білдірді. Ал, шаруашылық төрағасы атқарылып жатқан жұмыстарды толығымен баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.