Kyzylorda-news.kz. Бұған дейін ел арасында Қазақстанда төтенше жағдай режимін 15 мамырға дейін созылады деген сөз желдей есті. Сарапшылардың да болжамы осыған сай болды.

Жалпы қазіргі таңда ел ішіндегі ахуалға орай төтенше жағдай режимін біршама ұзартқаны дұрыс шешім. Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімін жақсы жаңалық ретінде қабылдадым.

Себебі індеттің әлі де қауіпті екені белгілі. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, барлығымыз үйде отырып қорғанғанымыз жөн.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мектеп оқушыларының сабақ кестесі қашықтықтан жалғасатынын айтты. Расымен де, біз бірінші кезекте балалардың жағдайын, олардың денсаулығына баса назар аударуымыз қажет. Сонда ғана бұл кеселдің алдын алып, оның одан әрі белең алуына тосқауыл бола аламыз.

Егер біз сақтық шараларын қатаң сақтап, төтенше жағдай режимін ұстанатын болсақ, дертті толықтай жеңіп, барлық қиындықты артта қалдыратын боламыз. Сонда ғана бұрынғыдай жайма-шуақ күнге қайта оралып, әлі-ақ жақындарымызбен қауышамыз.

Нұрсәуле МҰСАЕВА,

Қызылорда облыстық Тілдерді дамыту орталығының директоры

Тағы да оқыңыз: