Kyzylorda-news.kz.   Сырдария аудандық құқық қорғау органдары, аудандық пробация қызметі, аудандық жұмыспен қамту бөлімі, аудандық денсаулық сақтау органдары өкілдерінің қатысуымен пробациялық есепте тұрған азаматтармен кездесу ұйымдастырылды. 

Кездесудің негізгі мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға медициналық, жұмыспен қамту, әлеуметтік және құқықтық көмектер көрсету болып табылады. Мұнан соң, тиісті сала мамандары тарапынан қайта қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылық жасамау керектігі турасында жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

– Жыл сайын пробоция есебінде тұрған жастармен жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде. Жалпы, пробоция есебінде тұрған азаматтарды қоғам өміріне бейімдеу – маңызды рөл ойнайды. Негізінен, жастар арасында пробоция есебінде азаматтарды барынша қоғамдық іс-шараларға тарту жүргізіледі. Аталған азаматтар арасында қайта қылмыс жасауға бейім жастарға Заңның қатаңдығын ескертіп келеміз. Көбіне қолайсыз  отбасылардан шыққан жастар тәртіп бұзушылықтарға барады, – деді аудандық жастар ресустық орталығының директоры Нұрман Абдарасилов. 

Кездесу соңында азаматтарға әлеуметтік, тұрмыстық, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға қайтарымсыз грант алу, жұмысқа орналасу және өзге де мәселелерге байланысты анықтамалар берілді.

 

Тағы да оқыңыз: