Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев құқық қорғау органдары басшыларымен бірге Жаңақорған ауданында 18 қазан күні сағат 9.00-12.00 аралығында М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде тұрғындармен жеке қабылдау өткізеді.

Сондай-ақ, Хорасан ата көшесіндегі демалыс паркінде сағат 12.30-да халықпен кездесу өткізеді.

Жеке қабылдауға алдын-ала жазылу «E-gov», «E-otinish» бірыңғай порталы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «e-Нәтиже» және аудан әкімдігіне тікелей барып, жазбаша нысанда өтініш беру арқылы жүргізіледі.

Кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта нақты көрсетілуі қажет.

Қабылдау бойынша сұрақтарды 8(7242)40-11-91 (ішкі 7046), (ішкі 7051), (ішкі 7049) телефондары арқылы білуге болады.

Айта кетейік, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңір басшысы болып келген сәттен бері 20 рет қабылдау өткізіп, 173 азаматтың мәселесін саралады.

311501146_404267831894467_3214081512724866630_n.jpg

Тағы да оқыңыз: