Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі болған Нұрлыбек Нәлібаев жаңа қызметке тағайындалды.

Нұрлыбек Машбекұлы Үкімет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген ол өзінің еңбек жолын «Казахойл-коммерция» серіктестігінде мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

Кейін «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары, «Стандарт ОйлБейс» және «Стандарт ОйлТрейдинг» ЖШС-лерінің директоры, «СтандартГаз» ЖШС директорының орынбасары, «ХаррикейнОйлПродактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры, «ҚызылордаМұнайСервис» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған.

2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2008-2013 жылдары Шиелі ауданын басқарған.

2013 жылдан осы күнге дейін Қызылорда қаласының әкімі болып келді.

Тағы да оқыңыз: