Kyzylorda-news.kz Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов министрлер кабинетінің мүшелеріне премьер-министрдің жаңа бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты таныстырды, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Отырысты ашқан Бектенов Үкімет пен Президент Әкімшілігіндегі кадрлық өзгерістерді атап өтті.
"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Үкімет атынан Роман Васильевичке Үкімет құрамындағы бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа жауапты қызметінде сәттілік тілеймін", - деді премьер-министр.
Сондай-ақ ол Нұрлыбек Нәлібаевтың премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалғанын еске салды.
Бейнеден алынған кадр
