Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Юрий Ильинмен кездесті.

Басқосуда өңірге қатысты бірлескен жұмыстар талқыланды. Оның ішінде Сырдария өзенінде қорғаныс бөгеттерін салу және қалпына келтіру, өрт сөндіру бекеттерін орнату, құтқару жабдықтары мен арнайы техника сатып алу мәселелерін пысықтады. Бұл бағыттарда қаржыландыру тетіктерін қарастыру арқылы жұмысты үйлестіру барысы сөз болды.

Айта кетейік, министр жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, халықпен кездесулер өткізіп, тұрғындардың сауалына жауап берді.

Жұмыс сапары барысында Юрий Ильин Қызылорда қаласында «112» Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінің жұмысымен танысып, Қызылорда су торабының күрделі жөндеу жұмысын саралады. «Қызылорда су торабы» - «Средне Азгипрохлопок» жобасы бойынша салынған және 1956 жылы пайдалануға берілген. Су торабының мақсаты - су тасқынының алдын алу және елді мекендерді шайып кетуге және су басуға жол бермеу мақсатында Сырдария өзенінің ағынын реттеу. Сондай-ақ 120 мың га суармалы жерлер мен 250 мың га жайылымдық және шабындық жерлерді сумен қамтамасыз етуді жақсарту.  

 

316127544_1668568190205353_3526913951040952828_n.jpg

 

 

Тағы да оқыңыз: