Нұрлыбек Нәлібаев праймеризге қатысушы үміткерлердің пікір сайысына қатысты – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Нұрлыбек Нәлібаев праймеризге қатысушы үміткерлердің пікір сайысына қатысты

23.09.2020, 15:00

221 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев праймеризге қатысушы үміткерлердің жария пікір сайысына қатысты.

Шаһар басшысы бас партияның тарихында тұңғыш рет жүзеге асырылатын саяси үдеріске қатысушыларға әділ де тартысты бәсекеде сәттілік тіледі.

«Өңірді өркендетіп, елімізді гүлдендіру жолында аянбай тер төгіп, өндіріп іс жасайтын, мемлекетіміздің кемел келешегі үшін қызмет етемін деген белсенді де дарынды, креативті ойлай алатын озық ойлы азаматтар алдыңғы шепке шығып, партияластарымыздың сеніміне ие болыңыздар. Дауыс берушілер еліне еңбегін арнап, табанды тірлік етіп, туған жерді түлетуге талап қылған азаматтар арасынан дұрыс таңдау жасап, мықтылардың мықтысы, нағыз көшбасшылар анықталсын» – деді шаһар басшысы.

Үгіт жұмыстарының ауқымды бір бөлігі саналатын саяси дебатқа 5 үміткер қатысты. Партиялық кадрлық резервке үміткер азаматтар ашық пікір алмасу дағдыларын екі сайыс бойынша сынға салды. Алғашқы кезеңде кандидаттар белгіленген 5 минут ішінде өздерінің тұрғылықты елді мекендерінің мәселелерін шешу бойынша өз көзқарастарын айтса, екінші сын «Сұрақ-жауап» айдары бір-біріне сауал қою арқылы өрбіді.

Қызылорда қаласы бойынша партия ішілік іріктеуге 109 адам қатысып жатыр. Бағдарламасын ұсынғандардың 76 ер адам, 33 әйел. Оның ішінде 35 жасқа дейін қатысушылар – 26, 36-50 жас аралығындағы азаматтар саны – 46, 50 жастан асқан кандидаттар – 37. Үміткерлердің басым бөлігі кәсіпкерлер, білім және денсаулық саласының мамандары.

Айта кетейік, жария пікір сайыс 28 қыркүйекте аяқталады. Үміткерлерге дауыс беру қазан айының 1-3 аралығында жүргізіледі.

0

Пікір қалдыру