Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда.

Нұрлыбек Нәлібаевтың Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына кандидатурасы Қазақстан Республикасы Құрылтайының Өңірлік және инфрақұрылымдық даму жөніндегі комитетінің отырысында мақұлданды.

Мәселені депутаттар «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 30-бабына сәйкес қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет ұсынылған кандидатты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындауды ұсынатын қорытынды қабылдады.

Сурет: primeminister.kz

Тағы да оқыңыз: