«Нұрлы жер»: Қызылордада 87 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

«Нұрлы жер»: Қызылордада 87 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр

28.07.2020, 18:20

454 1

Kyzylorda-news.kz. Биыл шаһарда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1406 пәтерді құрайтын 87 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді

«Жүргізіліп жатқан құрылыстың 815 пәтерінің 20-сы жалға берілсе, 215 пәтердің 57-сі кредитке және 376 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жеке компаниялар есебінен жүзеге асады. Бұған қоса, жыл соңына дейін 698 отбасы пәтерді жалға алса, ал 115-і кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылар есебінен 156-ы пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға беріледі»,- деді Арнұр Әлібекұлы.

Бұдан бөлек , «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасы аясында табысы төмен көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың тұрғын үй алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық 2-і пайызбен тұрғын үй қарыздары берілуде.

1

  • Мен 2 ші топ мүгедек зейнеткерімін 2012 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрмын.Осы Бақытты Отбасы бағдарламасы бойынша 2 пайызбен басыма Баспана берулерінізді сұраймын , телефон номерім 87023992582 Ержанова Бактыгулден Қызылорда қаласының тұрғыны боламын қанша жылдан бері үй жалдап келемін кезегім саны жылжыр емес осы сұрағыма жауап берулерінізді сұраймын.

Пікір қалдыру