Kyzylorda-news.kz. «Бизнес по-казахски Түркияда» фильмінің прокатқа шығуын көрермен ұзақ күтті. Елдің тағатын тауысқан комедияны шығару үшін Қоябаев: «Кинотеатрлардың 100 пайыз ашылуын күтемін», – деген еді. Енді ол 30 пайызға рұқсат берілсе де, картинасын жаңа жыл қарсаңында ұсынуға әзір.

«Бизнес по-казахски Түркияда» және «I go to school» кинолары желтоқсан айында жарыққа шығады деп айтуға болатын шығар. Қазақ тілінде түсірілді. Бесінші бөлім өзі ерекше, өйткені 100 пайыз қазақ тіліне ауыстық», – дейді продюсер.

Туынды толықтай қазақ тілінде болған соң, Нұрлан оның атауын “Қазақ бизнесі енді Түркияда” деп өзгерткісі келіп, желідегі оқырмандарының ойын сұраған да еді.

Сондай-ақ, Қоянбаев танымал түрік актері әрі продюсер Кадыр Догулының тапсырысымен, “Митат” атты фильм түсірді. Аталған туынды отандық прокатқа шықпақ! Картинаның тұсаукесері қараша айына жоспарланып отыр. 

«Өзім барған жерде жұмыс істеймін, олар енді көреді ғой кімнің қалай жұмыс істейтінін. Жұмыс істеп болғаннан кейін, біз әңгімелесеміз, жоспарлармен бөлісеміз, сол кезде жақсы-жақсы ұсыныстар жасайды», – дейді Нұрлан.

Айта кететін жайт, Қоянбаевтың қолынан шыққан туындыны түріктер ғана емес, корей халқы да тамашалай алмақ! Нұрлан жуырда ғана Оңтүстік Кореялық киногерлермен келісімге отырып, тарихи лента таспалауға кіріспек.

Продюсерліктен бөлек, тек өз жобаларында актер ретінде төбе көрсетіп жүрген Нұрлан, өзге режиссерлардан да шақырту күтіп жүрген көрінеді.

«Осы жалпы өмірде «Нұрлан кинома түсіп берші, осындай киноға түсесіз ба?» деген ұсыныстар көп түспейді. Сондықтан да мен өзім күтіп отырамын. Біреу звондай ма, звондамай ма?! Звондамағаннан кейін өзім түсіремін», – деп күлді актер.

Stan.kz

Тағы да оқыңыз: