Kyzylorda-news.kz  Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев еліміздің 10 өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жариялады.

«Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады», – деді Президент.

Үкіметке нақты тапсырмалар беріліп, жан-жақты жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Бұл жұмыстардың барлығы тікелей өз бақылауында екенін айтты.

«AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары мен «Жастар рухының» белсенділері де зардап шеккен аймақтарға алғашқылардың бірі болып жетіп, құтқару жұмыстарына белсене атсалысуда.

Сөз соңында Президент тасқынмен күресте күн-түн демей қызмет қылып жүрген құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғыс айтты.

Осындай еліміз үшін қиын кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Сондықтан бірілікте болуға шақырамын.

Нұрғиса Жалғасбаев,

"Amanat" партиясы Қазалы аудандық филалының атқарушы хатшысы

Тағы да оқыңыз: