Kyzylorda-news.kz “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры лауазымына Нұрбол Абызбаев тағайындалды.
Ал осы кезге дейін Сыр өңірінде абыройлы қызмет атқарып келген Мақсат Мұқанов Алматы қаласы филиалына басшы атанды.
Нұрбол Абызбайұлы – мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, жол саласында 30 жылдан астам мол тәжірибесі бар. Еңбек жолында ҚР КМ Автожол комитетінде, “ҚазАвтоЖол ҰК” АҚ, “КАЖсервис” ЖШС, “Қазақавтожол” сияқтыжол саласына бейінді кәсіпорындарда басшылық лауазымдарды атқарып келген.
Еліміздің жол инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін "Құрмет” орденімен, ҚР ИИДМ «Құрмет» грамотасымен, Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатымен» және басқа да салалық наградалармен марапатталған.
