Kyzylorda-news.kz. Кеше Шиелі ауданының прокуроры Нұрбек Қаратаевтың төрағалығымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жаңадан қабылданған ҚР «Прокуратурасы туралы» Конституциялық Заңының негізгі ерекшеліктері атап өтілді.
Дөңгелек үстел басына аудандық әкімдік пен құқық қорғау органдарының басшылығы, аудандық кәсіпкерлер палатасы өкілері, маслихат депутаттары, адвокаттар, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және БАҚ-ның өкілдері жиналды.
Жиында аудан прокуроры Нұрбек Қаратаев бұл заңның қабылдану мақсаты туралы айтты.
«Заңның мақсаты - прокуратура қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру және құзыретін кеңейту ғана емес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің, бизнес өкілдерінің заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайтын және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіреді. Сонымен қатар құқық қорғау, өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіріп, қоғамдағы барлық заңдардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін бірден-бір жоғарғы акт. Сондай-ақ тарихымызда ең алғашқы прокуратура органдарына қатысты конституциялық мәртебесі бар бұл заңның құқық қорғау саласында рөлі ерекше болатыны сөзсіз», - деді Нұрбек Қаратаев.

