Kyzylorda-news.kz. Соңғы жылдары Сыр өңірінде ауылдық елді-мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесі көтеріліп жүргені бәрімізге белгілі. Дегенмен мемлекет әлеуметтік тұрғыдан алғанда маңызы зор бұл проблеманы шешу үшін тиісті жұмыстарды атқаруда. Осыған дәлел, биылғы жылдың маусым айында Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Нұралы-Жарма» каналына гидротехникалық құрылыс жұмыстары басталған. 

Атқарылған құрылыс жұмыстары Сырдария өзені мен «Нұралы-Жарма» каналының арасын біріктіру, елдімекендер мен жайылымдық жерлерді кедергісіз сумен қамтамасыз ету және аймақтың балық шаруашылығын дамуына үлес қосу мақсатында сағалық гидротехникалық құрылыс жұмыстары мен 700 метрге жуық канал бойы қазылып, тазарту жұмыстары жүргізілді. 

«Халқымызда «Өзен мен өмір ағысын бөгеуге болмайды», деген жақсы сөз бар. Олай болса тіршілік көзі саналатын су проблемасын шешуге қазынадан бөлініп жатқан қомақты қаржы «ұстағанның қолында, тістегенннің аузында» кетпесе, азғантай жылдың ішінде әлеумет үшін маңызы зор бұл проблеманы түпкілікті шешуге әбден болады, оған міне, көзіміз де жетіп отыр» дейді елді мекен тұрғындары.

Айта кетейік, айға жуық атқарылған гидротехникалық құрылыс жұмыстары 12 қараша күні комиссияның шешімімен қабылданып, ел игіліне берілді.

315389983_1340562730032539_1700948094092734007_n.jpg315309335_1340562740032538_6521576287857015755_n.jpg

Тағы да оқыңыз: