Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған ер адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Жағдайы ауыр. Науқасқа барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 22 наурызда да ер адамның жағдайы ауыр екені хабарланған болатын. Ер адамға екі жақты пневмония мен бірінші деңгейдегі тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозы қойылған болатын.

Тағы да оқыңыз: