Kyzylorda-news.kz. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында IV QAZFORUM 2020 конференциясы өтіп жатыр. Бұл туралы «Kyzylorda-news» ақпараттық агенттігінің тілшісі Фариза Омарова елордадан хабарлады.

ҚР-дағы АҚШ Елшілігі және Қазақстан Баспасөз клубы ұйымдастырған дәстүрлі шара қазақ тілді онлайн-медианы дамыту мәселелеріне арналған.

Жыл сайын форумға қазақ тілді БАҚ өкілдері, блогерлер мен сайттардың бас редакторлары қатысады. Олар жергілікті және шетелдік спикерлерден кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасатын болады.

Бүгінгі форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам медиамаман жиналды. Форумның тақырыбы – «Жаңа онжылдықтағы БАҚ: өзгерту уақыты және өзгеру уақыты». Онда қазақтілді БАҚ дамуының жаңа тенденциялары талқылаланады деп күтілуде.

IV QAZFORUM шымылдығын АҚШ елшісі Уильям Мозер ашты.

Шара қонақтары National Geographic Qazaqstan ұсынған фотосуреттер көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды.

Форумның бірінші бөлігінде “Қазақ қоғамына қандай медиа қажет?” деген тақырыпта талқылау өтті. Қатысушылар “Интернет пен жаһандық цифрландыру ғасырында жаңа медиа медиа дәстүрлі БАҚ-ты алмастырды ма?” деген сұраққа жауап іздеп көрді. Осыған қоса іс-шараның екінші сессиясы сарапшылар БАҚ жетістіктеріне әсер ететін факторларға қатысты өз зерттеулерінің нәтижесін ұсынды.

QAZFORUM 2020 екінші сессиясы «Digital дәуірдегі біздің медиа» деген тақырыпқа өтуде.

Осы сессияда талқыланатын сұрақтардың бірі – «Жаңа он жылдықта табысты болу үшін медиа нарығының қазақ тілді сегментінде нені өзгерту қажет?». Сессия модераторы – саясаттанушы Айдос Сарым. Спикерлер ретінде Асхат Еркімбай (аймақтық медиа кеңесші, «Internews Kazakhstan»), Айгерім Жұмағұлова («Отырар» медиахолдингінің директоры),  Қанат Сахария («Media Holding «Atameken Business» ЖШС бас директоры) және Ержан Қалымбайұлы («ULYS» диджитал журналының бас редакторы) қатысуда.

Асхат Еркімбай сессия барысында Орталық Азия елдеріндегі медиа тұтыну мен медиасауат бойынша әлеуметтік зерттеу нәтижесімен бөлісті.

Форум аясында қатысушылар үшін YouTube-те контент жасау, деректер базасымен зерттеулер жүргізу және мемлекеттік сатып алу бойынша мастер-кластар ұйымдастырылған.

Тағы да оқыңыз: