«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау барысы пысықталды – Kyzylorda News
Басты бет

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау барысы пысықталды

05.10.2021, 12:54

219 0

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы бойынша мәжіліс өтті. Жиынға Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ләйла Төрешова, облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты. Сондай-ақ, селекторлық режимде қала жәнен аудан әкімдері қосылды.

Жиында мемлекеттік бағдарламалардың орындау барысы туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай баяндады.

Партия бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық және аудандық Жол карталарының орындалу барысын облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйла Төрешова хабарлады.

Өз кезегінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жауапты басқармалар мен Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне барлық мүмкіндіктерді қарастырып, «Nur Оtаn» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген барлық шараларды жыл соңына дейін жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

0

Пікір қалдыру