Kyzylorda-news.kz Tele 2 мобильді операторы жақында науқан өткізді. Құнды сыйлықтар ойнатылған іс-шарада басты жүлде Toyota Camry 75 көлігін ұтып алған астаналық жігіт автокөлік өзіне бұйырмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Tele 2 компаниясы науқан өткізіп, өз тұтынушыларының арасында құнды сыйлықтар ойнатты. Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, ондағы басты жүлде – Toyota Camry 75 маркалы автокөлік. Сыйлықтардың иесі Instagam желісіндегі тікелей эфирде рандомайзер арқылы анықталды. 15 AirPods құлаққаптары мен 10 iPhone ойнатылған соң, кезек автокөлікке жетті. 

Іс-шара жүргізушілері рандомайзер арқылы 94379 нөмірінің шыққанын хабарлады. Қатысушының нөміріне қоңырау шалғанда автокөлікті 24 жастаны Наиль есімді Астаналық жігіттің ұтып алғаны белгілі болды. Жүргізушілер мен жиналған қауым жеңімпазды құттықтады. Видеодан Наильдің де әсерін бөліскен сәтін көруге болады. Кейін жүргізушілер жүлде бойынша Наильге ұйымдастырушылар хабарласатынын айтты. 

Алайда кейін Наильге ұтыс барысында қателік кеткенін айтып, оның көлік емес, басқа сыйлыққа ие болғанын жеткізген. 

Осыдан кейін Tele 2 компаниясының парақшасынан тікелей эфир кезіндегі видеоны өшіріп тастаған. 

Болған жағдайға қатысты “Қазтелекомның” баспасөз хатшысы Альбина Атен пікір білдірді. Ол Tele 2-ның ұлттық байланыс операторларының құрылымына кірмесе де, жеке компания екенін атап өтті. Сондай-ақ түсініспеушілікке қатысты копмпанияның PR маманы Ирина жауап беретінін айтқан. 

“31 шілде күні өткен “Тиімділік сақшылары” деп аталатын байқау аясында басты жүлде Toyota Camry 75 маркалы автокөлігін xxxxxxxxxxxxxx абоненттік нөмірі, билет нөмірі xxxxxxxxxxxxxx рандомайзер арқылы иеленді. Жеңімпаз тікелей эфирде анықталды. Айта кетейік, жауапта көрсетілген нөмір шағымданушыға тиесілі емес”, – жауап берді компания қызметкері.  

Фото: Stan.kz

Тағы да оқыңыз: