Kyzylorda-news.kz Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қызылорда қаласындағы NIS-те ұстаздар мен ата-аналар арасында волейболдан турнир өтті.
Бұл спорттық додаға №10 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, Ильяс Қабылов атындағы №12 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі, Әли Муслимов атындағы №101 мектеп-лицейі мен NIS командалары қатысты.
Турнирдің мақсаты — мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және достық, бірлік секілді құндылықтарды дәріптеу.
Қатысушылар жоғары деңгейдегі спорттық дайындықтарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша I орынды — «Білім-инновация» лицейі ата-аналары, II орынды — №12 мектеп-лицейінің мұғалімдері және III орынды —Зияткерлік мектеп педагогтері иеленді.