Kyzylorda-news.kz  Бүгін Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына түрткі болған халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 36 жыл толды.

Атаулы күнге орай Қызылорда қаласындағы «Тағзым алаңында» ядролық сынақ полигонында әскери борышын өтеп, құрбан болған азаматтарды еске алу митингісі өтті.

Еске алу митингісіне Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы Ибадулла Құттықожаев, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Әбіш, салалық ардагерлер, жастар ұйымдарының жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шарада облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, дендеріне саулық тіледі.

«НЕВАДА-СЕМЕЙ» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 36 жыл 1.webp

«Бүгінгі күні Қазақстан әлемде ядролық қарудан бас тартқан және халықаралық саясатта сенімнің жаңа моральдық үлгісін жасаған ел ретінде тарихта алтын әріппен жазылып қалды.

Ендігі кезекте Ұлы дала төрінде тек бейбітшілік заман болып, аналарымыз мұңаймасын, балаларымыз жыламасын.

Семей полигоны қасіретінен қаза болған аға-бауырларымызды әрдайым еске алып, тағзым етеміз, ұмытпаймыз», – деді Шахмардан Асқарұлы.

Шара барысында қатысушылар «Невада-Семей» ядролық сынағының зардабын жоюға қатысып қаза болған ардагерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Жиналғандар Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойып, ардагер сарбаздардың рухына құран бағыштады.

«НЕВАДА-СЕМЕЙ» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 36 жыл 2.webp

 

Тағы да оқыңыз: