Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, NEET санатындағы жастарды жан-жақты қолдау және оларды қоғам өміріне тарту бағытындағы жұмыстарды үйлестіру мақсатында адрестік аралау шаралары ұйымдастырылуда.
Аталған жұмыстар аясында жастардың әлеуметтік портретін қалыптастыру, олардың қазіргі жағдайын зерделеу және қажеттіліктерін анықтау көзделген.
Аралау жұмыстарына Мансап орталығы мен Жастар орталығының мамандары, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтер мен кенттердегі жастар ісі жөніндегі мамандар жұмылдырылған.
Зерделеу нәтижесінде NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту, білім алу, кәсіптік бағдарлау және әлеуметтік қолдау шараларына тарту бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, тиісті жұмыстар қолға алынатын болады.

