Kyzylorda-news.kz.  Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, – деп хабарлады Jurtmedia.kz.

Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде.

Ол аздай прокурорлық тексеріс кезінде осы оқу орнына қатысты тағы бір қылмыстық  жағдай анықталған.

Университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері ашылды. Екі іске де қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды, – деп жазды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аталған Қазақ ұлттық аграрлық университетінде  тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қайын атасы Тілектес Есболов 2008- жылдан  2023- ші  жылғы қыркүйекке  дейін Басқарма төрағасы-ректор болған.  Ол экс-президенттің екінші әйелі Әсел Исабаеваның әкесі.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: