Kyzylorda-news.kz. Тұңғыш Президент – Елбасы музейінде орналасқан «Nazarbaev Ortalygy» қосымша білім беру орталығының есігі енді кез келген талантты жас үшін айқара ашық, деп хабарлайды «Хабар 24».

4 бірдей даму зертханасы мен арнайы коворкинг бөлмесімен жасақталған заманауи орталыққа келушілер ІТ технология, STEM білім беру бағдарламасы, цифрлық технология мен аналитикалық ойлауды дамыту мүмкіндіктеріне ие болады. 7 жастан асқан оқушылар үшін шахмат сыныбы бар. Әлеуметтік әлсіз топтар мен І және ІІ топтағы мүгедектер сондай-ақ көпбалалы отбасылар үшін лабараторияда білім жетілдіру тегін. Ақылы курстардың өзі нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен. Бұл ел ішінде талантты жастардың қатарын көбейту мақсатында ашылып отырғанын атап өткен жөн. Орталыққа қазірдің өзінде 50-ге жуық бала келіп жүр. Себебі карантиндік талап қатаң сақталған. Ал пандемия алынатын болса, келтін жастардың қатарын едәуір арттыру жоспары бар.

“Елбасы дәстүрлі түрде қордың лауреаттарымен жыл соңында кездесетін еді. Биыл пандемияға байланысты ол келер жылға қалып отыр. Келер жылы Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы робототехника, дизайн саласында жетістікке жеткен сонымен қатар республиканың басқа өңірлерінде өздерін көрсеткен жастармен кездесетін болады”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/433034-nazarbaev-ortalygy-esigi-kez-kelgen-talantty-zhas-shin-aj-ara-ashy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Тағы да оқыңыз: