Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 27-29 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстан аумағының үстінде біріккен Жерорта және Солтүстік-Батыс циклондары елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын тудырады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын байқалады. 29 наурызға қарай ауа температурасы төмендейді деп күтілуде», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: