Kyzylorda-news.kz.  Қылмыстық атқару  жүйесі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде АКАӘПТБ-нің  қызметкерлері  шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында  наурыз мерекесіне орай, спорттық іс-шара ұйымдастырды.  

Бұл мерекелік іс-шараға  Қызылорда облысының мәдениет  және спорт басқармасының бұқаралық  спорт бөлімінің әдіскерлері  арнайы шақыртылып, төрелік етті.

Жазасын өтеуші азаматтар арқан тарту, қол күресі, турникке тартылу мен  брусия бойынша  жарысқа  түсті.

Сотталғандармен ҚР llМ 13.08.2014 жылгы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзу қағидасын бекіту туралы» № 508-бұйрығына сайкес тәрбие жұмысы жүргізіледі.

«Спорттық iс-шара өз деңгейiнде өтті. Белсенді қатысқан сотталғандарға мекеме бастығының құқығымен мақтау қағазы берілді. Аталған іс-шара жазасын өтеушілерге оң әсер тигiзетінi анық» деді тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы, әділет аға лейтенанты Н.Ниязов.

Жарысқа қатысқан жазасын өтеушілер де іс-шарадан бір серпіліп қалды.

Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еткенмін. Бүгінгі жарысқа қызыға қатыстым. Әсіресе, ұлттық ойын түрі арқан тарту, ләңгі ойнауда балалық шағым есіме түсіп, біраз серігіп қалдым. Оның үстіне көгілдір көктемдегі шуақты күн наурыз мерекесінің аурасын сезінгендей болдым. Бостандықта жүргенде , бұл күнді отбасымызбен бірге  мерекелік дастарқан басында қарсы алатынбыз. Әйелімнің наурыз көжесі тура анамдікіндей дәмді болатын. Ендігі наурызда  сот бекіткен жаза мерзімім аяқталады. Бұйырса келесі жылғы мерекені ағайын туманың ортасында қарсы аламын деген үмітім бар» деді жарысқа қатысқан жазасын өтеуші.

Тағы да оқыңыз: