Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, еңбек нарығын дамыту, суармалы егіс алқаптарының жағдайы, мәдениет, білім, денсаулық, спорт, туризм салаларына қатысты мәселелер қаралды.
– Облысымыз жұмыспен қамтудың өңірлік картасы бойынша республикада үздік үштікте. Ауданымызда да жұмыспен қамту шаралары тұрақты жүргізілуде. Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасы, Ұлттық жобалар және қайтарымсыз грант беру жұмыстарын жандандыру қажет. Жоспарланған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Мұнан соң аудан басшысы биыл өңіріміздегі вегетациялық кезең өте күрделі жағдайда өтіп жатқанын атады.
– Мәселе Ел Президентінің, Үкімет және аймақ басшысының тікелей назарында. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Егінді су тапшылығы жағдайында белгіленген кестеге сәйкес кезектестіріп суаруды ұйымдастырып, қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, насостардың тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету қажет, – деді аудан әкімі.
Мәжіліс барысында мәдениет саласында үйірмелердің жұмыс жасауы, ескерткіштерді құжаттандыру, туризмді дамыту, МӘМС, балабақшалар жұмысы талқыланып, нақты тапсырмалар жүктелді.