Kyzylorda-news.kz Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыка-драма театры 15 қыркүйекте жаңа маусымын бастайды. Жаңа маусым В.Шекспирдің «Макбет» трагедиясымен ашылмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте театрдың директоры Ғалым Баймырзаев хабарлады.

66 маусымды сәтті аяқтаған өнер ұжымы жаңа маусымды бастауға толықтай дайын. Өзінің жылдық жоспарын әзірлеп, актерлердің сахналық мүмкіндіктері мен театрдың бағыт-бағдарын қалыптастыру барысында жаңашыл спектакльдерді қоюды жоспарлауда.

Брифингте сондай-ақ Ғалым Қонақбайұлы театрдың өткен жылы атқарған жұмыстарына тоқталып өтті.

«Өткен маусымда театр үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған Думан Рамазанның “Абылай ханның арманы” тарихи драмасы және театр жастарының қатысуымен Рахымжан Отарбаевтың “Нашақор жайлы новелла” спектакльдерінің премьералары көрерменге ұсынылды. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы карантин уақытында театр санитарлық талаптарды сақтап, өз жұмысын жалғастырды. Онлайн форматта көптеген іс-шаралар атқарылып, көрермендер әлеуметтік желі арқылы қойылымдарымызды тамашалады”, – деді театр директоры.

Тағы да оқыңыз: