Kyzylorda-news.kz Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері биылғы жоспар бойынша аудан көлеміндегі мешіт-медреселердің тарихы (ХІХ-ХХ ғғ.) жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 
Осы мақсатта ү.ж. 30 мамыр күні музей қызметкерлері ауданға қарасты Шаған ауылына қызметтік іс-сапарға шығып, алдымен ауылдық әкімдікте ақсақалдармен кездесті.

Жиын барысында Шаған ауылының территориясында орналасқан ХІХ-ХХ ғасырлардағы мешіт-медреселер мен жер-су атаулары жайлы мәліметтер алынды. 

Сонымен қатар музей қызметкерлері алынған мәліметтер негізінде Шаған ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан 1948 жылға дейін жұмыс жасаған Тұрғанбай мешітінің орны мен Есет би кесенесіне барды. Және де аталған нысандардың өлшемдерін алып, суретке түсіріп және геолокациясын анықтады. 

Кейіннен осы нысандар жайлы Шаған ауылының тұрғындары Тұрғанбай мешітінде білім алған Төлеп ақсақалдан, Тұрғанбай молданың ұрпағы Сағат ақсақалдан және Есет бидің ұрпағы Нұртай мырзадан тың деректер алынды.

Музей қызметкерлерінің ауыл ақсақалдарымен кездесуін ұйымдастыру алдағы уақытта жалғасын табатьын болады. Өз кезегінде ауданға қарасты Ақжарма ауылына қызметтік іс-сапарға шығып, алдымен ауыл ақсақалдарымен кездесті. Ауыл ақсақалдарынан Ақжарма ауылының территориясында орналасқан ХІХ-ХХ ғасырлардағы мешіт-медреселер мен жер-су атаулары жайлы мәліметтер алынды. Ауыл тұрғыны Баршабаев Меңдіғали ақсақал Төкебай каналының жағасында орналасқан Мәмбет имамның өмірі, мешітінің орналасқан жері туралы, Медетбаев Дәулетияр ақсақал Түлкібай батырдың тікелей ұрпағы ретінде өмірі, ерлігі туралы құнды деректермен бөлісіп, өзі жасаған генеологиялық картасының сызбасын ұсынды. Сонымен қатар музей қызметкерлері алынған мәліметтер негізінде Ақжарма ауылынан шамамен 6 шақырым жерде орналасқан Түлкібай батырдың ескерткіш тақтасына барып, нысанның өлшемін алып, суретке түсіріп және геолокациясын анықтады.

Тағы да оқыңыз: