Kyzylorda-news.kz. Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мұса Қалдарбеков облыстың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында ҮЕҰ өкілі «Қызылорда облысының қолөнершілер орталығы» қоғамдық қорының директоры Қарлығаш Ильясова осы күнге дейін атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Қолөнер шеберлерінің бұйымдарын көпшілікке кеңінен таныстыру, шығармашылықтарының дамуына қолдау көрсету, колөнер өндірісін дамытуды, ынталандыруды сұрады.
«Қолөнер – халқымыздың қасиеті мен ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы. Әр халықтыңөзіндік ұлттық өнері болады. Қазақ елі тәуелсіздігін алғалы халқымыздың қолөнері қандай жетістіктерге жетіп отырғаны белгілі», - деді Қ.Ильясова
Облысымыздың қолөнершілерін бір ортаға жинап, көнеден келе жатқан ұлттық өнердің осы кәсіп арқылы ізін жоғалтпай кейінгі ұрпаққа насихаттау, дамыту бойынша пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ сұрақ алмасып, сала басшысымен өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
Кездесу соңында Мұса Қалдарбеков барлық ұсыныстарды назарға алатынын атап өтті.

