Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президенттінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жеке қабылдауға келген аудан тұрғындар өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiм табуына ықпал жасауды сұрады.

Аудан әкімі тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Қабылдауға келген азаматтардың дені жұмысқа орналастыру, жол жөндеу жұмыстары, көгілдір отын және жер алу мәселесі бойынша жүгінді. Олардың қатарында әлеуметтік көмек сұрағандарда болды. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына қатысты да түрлі сауалдар болды. 

Аудан басшысы өтініш берушілердің барлық өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, ауданның  жауапты бөлім, мекеме басшыларына, кент және ауыл әкімдеріне нақты тапсырма беріп, қолданыстағы заңнаманың шеңберінде мәселелерді шешуге көмектесуді тапсырды. 

Сондай-ақ тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің барлығы өзінің тікелей бақылауында болатындығын және жақын уақыт аралығында заңдылығы бойынша шешімін табатынын жеткізді.

318037924_1258461868050036_1914952450968981417_n.jpg
318067006_1258461828050040_778801877478656724_n.jpg

Тағы да оқыңыз: