Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың 15 қараша ҚР Ұлттық валюта – теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қаржыгерлерді қабылдады.

«Баршаңызды Ұлттық валюта және қаржы қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз Еліміздің негізгі жетістігінің бірі – Ұлттық валюта теңгенің пайда болуы. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның өз валютасы теңге айналымға енгізілді. Содан бері атаулы күн ел тұрғындары үшін ерекше мереке болып саналады. Қазір біздің валюта теңгемізді көптеген мемлекеттер біледі. Біздің теңгеміз өзінің дизайны жөнінде дүниежүзіндегі мықты валюталардың бірі болып саналады. Еліміздің экономикасы өркендеген елге айналу жолында қаржы, экономика, қазынашылық, статистика, салық жүйесінің мамандары зор еңбек сіңірді. Осы жетістіктерге Сырдария қаржыгерлерінің де қосқан үлесі аз емес. Тиыннан теңге құрап, табыстың берекесін тасытқан ардагерлеріміз ауданымыздың экономикалық көрсеткіштерінің артуына талмай еңбек етті», - деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Қазіргі таңда сала ардагерлері салып кеткен сара жолды олардың ізбасарлары лайықты жалғастырып келеді. 

Аудан басшысы қаржы саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыс және аудан әкімінің құттықтау хаттары мен алғыстарын жеткізіп, сый-құрмет көрсетті.

315817884_1247045585858331_3992764329243614123_n.jpg

Тағы да оқыңыз: