Kyzylorda-news.kz. Мексика шығанағындағы мұнай өндіретін платформада жойқын жарылыс болып артынша өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кампече штатының жағалауынан 100 шақырым жерде орналасқан платформа Мексикадағы Pemex атты мұнай-газ компаниясына тиесілі. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиғадан 5 адамды күйік шалған. Зардап шеккендер ауруханада ем қабылдап жатыр. Абырой болғанда, адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ. Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр. Айта кетейік, кен орынның қорында 4,9 млрд баррель мұнай бар. Қазір апаттан елген шығыны есептелуде.

Тағы да оқыңыз: