Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданындағы Абай мен Басықара ауылының арасындағы жолды асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда мердігер мекеме «Строй Модуль Астана» ЖШС 11 шақырым жолдың 89 пайызын жөндеп болған.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қос елді мекен аралығындағы жолды жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов айтып берді.

Бөлім басшысы алдағы уақытта жолдың сапасын анықтау мақсатында белгіленген заңдылықтарға сәйкес сараптама жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшысына жолды жөндеу жұмыстары уақытында сапалы аяқталу қажеттігін ескертті.

Тағы да оқыңыз: