Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Мәжіліске комиссия мүшелері, дербес бөлімдер мен құқық қорғау органдарының басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Комиссия отырысында 1 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов хабарлама жасап, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оны болдырмау бағытында атқарылған шаралар туралы айтып берді.

Мұнан соң Қазалы ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ғалымжан Аманов қосымша хабарлама жасап, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

Баяндамашылардан кейін сөз алған аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы кәмелетке толмағандар мен оларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі барлық учаскелік полиция инспекторларының сол ауылға көшіп бару керектігін атап өтті.

Сонымени қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша, яғни, Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілген жұмыстар туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы баяндама жасады.
Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселе бойынша Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровтың баяндамасы тыңдалды.

Жиын барысында қозғалған мәселелер жөнінде комиссия мүшелері сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Комиссия отырысының қорытындысымен аудан басшысы Мұхтар Оразбаев қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне және дербес бөлім басшылары мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізіп, мемлекет қаржысын тиімді игеруді қамтамасыз етуді, барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне мемлекеттік сатып алуда бәсекелестік қағидатын қатаң сақтауды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: