Kyzylorda-news.kz. Темiр жол – ел экономикасының өзегi, мемлекетiмiздiң қуатты жүйесi. Бiр ғасырдан астам тарихы бар Қазалы теміржол мекемелерінің бүгiнгi тынысы жыл санап жақсарып келедi.

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы вагон пайдалану депосының мәжіліс залында бірқатар теміржол мекемелерінің басшыларымен кездесті.

Аудан басшысымен кездесуге келген теміржолшыларды Қазалы вагон пайдалану депосының директоры, аудандық мәслихат депутаты Арғын Орынбаев таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Теміржол торабы – ел экономикасының күретамыры» екенін айтып, теміржолшылардың қазынаны толтырудағы еңбектерін атап өтті.

«Аудан көлемінде теміржол саласы бойынша 15-тен аса мекеме-кәсіпорындар жұмыс жасайды.Өңдеу өнеркәсібінің басым бөлігі осы теміржол мекемелерінің еншісінде. Теміржол саласының қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасаудың арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Мұны біз биылғы жылы ауданда атқарылған жұмыстардан анық көре аламыз», – деген аудан басшысыжыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібі бойынша көрсеткіштерімізді төмен түсірмей, өз дәрежесінде сақтап қалуға жұмыстар жасалу қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар,алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін көтеру бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.

Басқосуда Қазалы теміржол станциясының бастығы Серік БоранқұловжәнеҚазалы вагон пайдалану депосының директоры Арғын Орынбаевауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін өсіру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратынын жеткізді. Ал, Қазалы локомотив жөндеу зауытының өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері Жамбыл Қанай аудан басшысының жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: