Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Құмжиек ауылдық округіне арнайы барып, Қ.Күлетов атындағы №92 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 

Қазіргі таңда білім ошағының сырты қапталып жатыр. Одан бөлек, электр желілерін жаңарту, ішкі қабырғаларын сырлау  сынды жұмыстар қарқынды жүруде. 

Нысанның жай-күйімен танысқан аудан басшысы жаңа оқу жылының жақындап келе жатқанын айтып, мердігер мекеме – «ГрадСтройСервис» ЖШС қызметкерлеріне құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ, сапасын да естен шығармау керек екенін еске салды. 

Сол тұста аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевқа жұмыстың күндіз-түні қатаң бақылауда болуын тапсырды.

Мұхтар Әуесұлы мұнан соң Әйтеке би кентіндегі 5 қабатты үйлерге аялдап, тұрғын үйлердің жаяу жүргіншілер жолына асфальтты тротуар жүргізу жұмыстарын көрді. 

Тұрғындармен кездескен аудан басшысы ауладағы қоршаулардың да  сырланатынын айтты.

«Көпқабатты тұрғын үйлердегі балғындар кешкілік ойын алаңына шығатыны белгілі. Сондықтан темір қоршауларды сырлап, балалар ойнайтын құрал-жабдықтардың бұзылған жерлері де қалыпқа келтірілуі қажет», – деген аудан басшысы Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Тағы да оқыңыз: