Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы республикалық турнирде жүлделі орын алған тәртіп сақшысын құттықтады.

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлы қоян-қолтық ұрыстан жүлдегер атанған полиция лейтенанты Ғайни Нұрмаханды қабылдап, жеңісімен құттықтады.

Аталған турнирде  әйелдер арасында 52 келі дейінгі салмақ дәрежесінде Қызылорда облыстық полиция департаментінің қызметкері, полиция лейтенанты Ғайни Нұрмахан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев республикалық деңгейде Қызылорда облысының намысын қорғап, қызметімен қатар спортқа да үлгеріп жүрген қызметкерді құттықтап, отбасына бақ-береке, жұмысына толағай табыс тіледі. 

«Осы орайда, әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, спортта биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз. Келешекте де Сыр өңірінің  намысын биікке көтереді деген сенімдеміз», - делінген департаменттің хабарламасында. 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир Астана қаласында өткен болатын. 

Безымянный.jpg

Тағы да оқыңыз: